7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Болгарияда дзюдодан ашық Еуропа кубогында (Sofia European Open 2023) сайыс өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі лейтенант Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Спортшылардың бұл турнирге қатысуы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинау тұрғысынан маңызды.
– Осы кезеңде Ғұмар Олимпиадаға мерзімінен бұрын лицензия алды деп айтуға ерте. Дегенмен ол биылғы жылды өте жақсы бастағанын сенімді түрде айта аламын, – деп дзюдодан Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушысы Ермек Насиев шәкіртінің жетістігін бағалады.
Ақтық сынға шығар алдында Ғұмар Қырғызбаев Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларын жеңді. Ғұмар Қырғызбаев 9 минутқа созылған шешуші жекпе-жекте ғана украиналық Микита Холобородькоға есе жіберіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.
Жарысқа әлемнің 46 елінен 396 дзюдошы қатысқанын айта кеткен жөн. Еліміздің атынан 9 спортшы бағын сынады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?