Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылды. Бұл туралы электронды үкімет порталының әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ашық диалог» порталында блог-платформа сервисі арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сұрау салу қызметі жабылғанын хабарлаймыз. Енді сіз «Е-otinish» арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүгіне аласыз», - делінген Instagram желісіндегі Еgov.kz парақшасында жарияланған хабарламада.
Аталған өзгеріс «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында енгізілген.
Электронды үкімет порталының дерегінше, «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немес өтініш берген азамат мемлекеттік орган шешім қабылдаған уақытқа дейін өз пікірін білдіре алады. Ал тиісті құзырлы органнан жауап алған соң, оған баға беруге болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?