Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы Президентінің ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты, - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осылайша, бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейді.
«Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында да енгізілді.
Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек