23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТаяуда ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Persona plus» арт-орталығының «Ашық алақан» қайырымдылық көрмесі ашылды.
Көрменің ашылуында сөз сөйлеген «Persona plus» арт-орталығының директоры Гүлнара Батырғалиева шараның мақсат-міндеттеріне тоқтала келе, көрменің өтуіне қолдау көрсеткен ата-аналарға және Ұлттық музей басшылығына алғысын білдірді.
– Бүгінгі шараға арт-орталық студенттерінің ең үздік көркем туындылары қойылды. Жас суретшілердің шығармашылығы көмекке мұқтаж балаларға қамқорлық жасауға бағытталған. Көрмеден түскен қаржы «Балам-Ай» қоғамдық қоры, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау орталығына жіберіледі, – деді Гүлнара Батырғалиева.
Көрмеде 200-ге жуық туынды қойылған. Оқушылар табиғаттың сұлу көріністерін, бейбітшілік және бақытты отбасы тақырыптарын қамтыған.
Шара аяқталғанға дейін шығармашылық жұмыстардың жартысына жуығын музейге келушілер сатып алып үлгерді.
Көрме 10 маусымға дейін жұмыс істейді.
Әзірлеген – Жансая ТӨЛЕГЕН
Суреттер Ұлттық музейге тиесілі
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады