Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӨсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың барлық бағыттарына арналған электрондық карталардың қазақстандық фермерлерде болуы қажет деген талап екі жылға шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін субсидия алуға өтінім берген кезде егіс алқаптарының электрондық карталары талап етілмейді.
2023 жылғы 14 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына егістіктерді цифрландыруды 2026 жылға дейін қалдыру жөнінде өзгерістер енгізілді.
Өзгерістер фермерлерге жер учаскелерін тәртіпке келтірулеріне, «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» РММ тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыруды аяқтауға, ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на дақылдарды тану спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бұған дейін бірқатар шаруа басым бағыттағы дақылдарды субсидиялауға өтінім беру кезінде қиындықтарға тап болды, өйткені егіс алқаптарын дұрыс цифрландыру мүмкіндігі болмады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова