22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» атты open air фестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр әр өңірдегі 96 кітапханадан келген қызметкерлерді кәсіби мейрамдарымен құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген кітапханашылар мен сала ардагерлерін марапаттады. Сондай-ақ бірқатар кітапханаға алғыс хат табыстады.
Ашық аспан астында қазақстандық баспалардың кітаптарын сатып алуға болатын дүкен, фотоаймақ, балалар павильоны мен тіл, мәдениет, әдебиет және кітапхана ісін дамыту мәселелерін талқылауға арналған сахна орнатылды. Журналистер, редакторлар және кинорежиссерлердің қатысуымен кітап көрмесі, нетворкинг және шеберлік сабақтары өтті.
Ұйымдастырушылар мен қонақтар зияткерлік іс-шараны Астана мен еліміздің басқа да өңірлерінен зиялы қауым өкілдерін, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін жинаған шағын мерекеге айналдырды. Фестивалге шетелдік қонақтар - Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде және қалыптастыруда осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегі маңызды рөл атқарады. Олардың қатысуынсыз бұл жұмысты елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 000-ға жуық кітапханашы жұмыс істейді. Қазір кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және олардың еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Асхат Оралов.
Ведомство басшысы фестивалге келген кітапханашылармен сөйлесіп, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратындағы шағын сурет көрмесін аралады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев