2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАсхат Оралов спорттық және батут гимнастикасынан Әлем кубогының кезеңдерінде алтын медаль жеңіп алған қазақстандық гимнасттармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға жаттықтырушылар, медицина қызметкерлері және Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты. Министр оларды соңғы жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыстап, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқұттықтау хатын оқыды.
«Сіздерді тарихи жеңістеріңізбен құттықтаймын. Қазақстандық спортшылардың зор әлеуеті бар және менің министр ретіндегі міндетім — оларға лайықты қолдау көрсету. Спортшыларды барлыққажеттіліктермен қамтамасыз ету, соның ішінде жаттығу базалары, тамақтану, лайықты еңбекақы және басқа жағдайлар жасау. Шынында да, спорттағы жетістіктерге қысқа мерзімде қол жетпейді, бұл олар үшін өмірлік мотивация. Осы жетістікке қатысқан барлыққызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Біз бәріміз бұл үлкен жолдың басы деп үміттенеміз және жақын арада өтетін Азия мен Олимпиадада сәттілік тілейміз. Біз сіздерді қолдаймыз және сіздердіңөнерлеріңізді мұқият тамашалаймыз!»,- деді Асхат Оралов.
Әлия Юсупова өз кезегінде мемлекет тарапынан гимнасттарға көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, спортшыларымыздың олимпиадалық лицензияларды жеңіп алу мүмкіндігіне баға берді.
«Мәдениет және спорт министрлігіне қолдауыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Тек қаржылық емес, моральдық тұрғыда қолдау көрсету маңызды. Әсіресе спортшылар үшін қажет. Олар алаңға шыққанда, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді, шаршы алаңға шыққан спортшыларға елдіңқолдауы қосымша мотивация мен қоса, күш-жігер береді. Балалардың спорт және батуттық гимнастикада зор әлеуеті мен лайықты нәтижелері бар. Сондықтан олимпиада лицензияларын алу мүмкіндігіміз өте жоғары», - деп атап өтті Қазақстан гимнастика федерациясының президенті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова