Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕл азаматтары үшін тегін медициналық көмек аясында онкоскринингтік тексерулер қолжетімді болады. Ал Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу институттары резидентура бағдарламалары бойынша оқытуды өз бетінше жүзеге асыру құқығына ие болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгін Мәжілісте қабылданған екі түзетудің қандай артықшылығы бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін өте маңызды екі түзету қабылданды. Біз оны екі жыл бойы дайындадық. Бірінші түзету – 3,5 млн қазақстандық үшін жақсы жаңалық болып отыр. Бүгінде әлеуметтік сақтандыруы болмағандықтан медициналық қызмет ала алмай жүрген 3,5 млн азамат бар. Олардың бұған дейін онкологиялық скринингтерден өтуге құқығы жоқ. Оларды ешкім скринингтен өткізбегендіктен қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау мүмкін емес. Үшінші, төртінші деңгейде анықтаған соң емдеу үлкен нәтиже бермейді. Жаман аурудың ерекшелігі – ол ауруды анықтау өте қиын. Скрининг болмаса оны симптомдары пайда болғанда ушығып кетеді. Енді 3,5 млн МӘМС-пен қамтылмаған азаматтар ақысыз онкология бойынша скринингтен өтуге мүмкіндік алады. Бұл – өте үлкен жеңіс. Депутаттардың бастамасымен Үкімет мәмілеге келді, - дейді депутат.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, медицина саласындағы ғалымдарды даярлау ісі жүйелі қолға алынады.
Екіншісі – медицина саласында ғалымдарды дайындау. Профессор Ақшолақов сияқты ғалымдарымыздың бұған дейін айтып жүргеніндей, ғалымдар тек медицина университеттерінде емес, Ұлттық медициналық ғылыми зерттеу институттарында дайындауымыз керек. Мысалы, кардиохирургия, онкология, травмотология сияқты үлкен ғылыми институттары бар. Енді докторантураны университеттерде емес, жаңа атап өткен ғылыми институттарда ашамыз. Сонда профессорлардың жанында тұрып, операцияға қатысып, әртүрлі технологияны қамтитын болады. Одан кейін депутат Нартай Аралбайұлы көтерген мәселе шешімін тауып, есту қабілеті бұзылған балаларға есту құралдарын мемлекет беретін болады, - деді депутат.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары