Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ғалымдар үшін жаңа үстемақы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда ғылыми зерттеу институттарда немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз өздерінің PhD докторы, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр.
Мысалы, PhD докторы, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алатын болады, - деді мәжілісмен.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары үшін шығармашылық демалыс беруді ұсынды.
Бұл шығармашылық демалыстың мерзімі бір жылға дейін және осы кезеңде жетекші ғалым орташа жалақы деңгейіндегі төлемдерді алып отыруына да мүмкіндік беріледі. Бұл шығармашылық демалыс, ғалымдарымызға ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен айналысуға, монографияларын, ғылыми мақалаларын шығаруға мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?