Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық кітап баспалары үшін маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді Қазақстанда шығарылатын кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады.
Аймағамбетовтің айтуынша, бұл шешім салық жеңілдігін берумен ғана шектелмейді, ол – кітаптың қоғамдағы маңызын мойындаған терең әрі символикалық қадам.
Кітап – жай ғана тауар емес, ол – білімнің, мәдениеттің, тарихтың және ұлт болашағының негізі. Бұл бастама Amanat партиясы фракциясы мен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұзақ мерзімді әрі табанды жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, - деді ол.
Сонымен қатар, бұл ұсынысты Үкімет те қолдаған. Көптеген дамыған елдерде кітап өнімдері салықтан босатылып қана қоймай, мемлекет тарапынан субсидияланып, оқырмандар үшін қолжетімді болуына жағдай жасалады. Аймағамбетов қазіргі заман – мағына мен идеялар үшін күрес жүріп жатқан кезең екенін атап өтіп, бүгін кітапқа жасалған инвестиция елдің рухани тәуелсіздігі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналатынын жеткізді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі