Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Астана медицина университетінде отырыс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынға комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етіп, оған медицина саласының мамандары қатысты. Жиын 9 қазанда Мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалары мен даму перспективалары бойынша өтетінін Үкімет сағаты қарсаңында ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше мән берген болатын. Осыған байланысты аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса назар аударып отырмыз. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының проблемалары ұқсас. Бұл медициналық қызметтер көрсетуді қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі, – деді Асхат Аймағамбетов.
Жиын барысында депутаттар медициналық қызметтерге тарифтердің нақты жағдайдан, коммуналдық қызметтерге, дәрі-дәрмектерге, тауарларға және басқа да бағалардың өсуінен артта қалуына мән берді. Сонымен қатар медициналық қызмет көлемін сапасыз жоспарлау мен бірқатар медициналық қызметтерге сызықтық шкаланы негізсіз қолдану мәселесіне тоқталды.
Отырыс мақсаты - негізгі мәселелерді талқылап, шешу жолдарын әзірлеу. Комитет төрағасы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруы қажет екенін айтты.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар