29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді, – деп хабарлайды El.kz порталы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
– «GPC Investment» ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады. «GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын, — делінген қаулы мәтінінде.
Айта кету керек, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы. Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты «GPC Investment» компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.
Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек