28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАсайын Байханов Екібастұздағы білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екібастұздық балалардың үйде отырғандары жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім. № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Мәселені энергетиктермен бірге сол жерде қарастырдық. Мамандардың пікірінше, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет. №11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. Жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырдым, - деді Асайын Байханов.
Қазіргі таңда №25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспары бойынша дүйсенбіге дейін температура қалыпқа келуі қажет.
Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Жасөспірім қала тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек, - деп жазды аймақ басшысы.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?