Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбылдық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданындағы шаруа қожалығының аумағында тараздық 36 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шаруа қожалығының аумағын тексеру барысында сарайдың бұрышынан өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 3 келі 780 гр кептірілген марихуана және 795 гр гашиш есірткісі екендігі анықталды.
– Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?