23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жамбылдықтар ұсталды, – деп хабарлайды Elkz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ АПБ-мен бірлесіп осы ауданның Ит өлген жайылымына жақын аумақта жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде жабайы сораны дайындап жатқан 33 және 35 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 10 келiден асатын кептірілмеген марихуана табылды. Күдіктілер кiнәсын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баппен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік