29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Үкімет кулуарында Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша теңге еңбеақы алатынын айтты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші қаржы министрлігінен еңбекақы аламын, оған үкімет басшысының орынбасары ретінде қосымша төлейді. Бәрі 1,5 млн теңге болады. Оның ішінде министр ретіне 1,2 млн теңге аламын, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен бірге министр шенеуніктердің декларацияларын жариялау туралы сұраққа да жауап берді.
Жалпы, бұл мәселе де талқыланып жатыр. Біз мемлекеттік қызметшілерміз, біздің жалақымызды жақсы білесіздер. Жыл сайын декларацияны кім тапсырады – әрине, мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялайтын, тапсыратын кезге келеміз. Сонда барлығы белгілі болады. Мен де өз декларациямды ұсынуға дайынмын, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек