23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады, - деген жауап берілді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді.
Оған қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты пікір білдірді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады