Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлына екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріншіден, экс-министрді халықаралық көрмеге бөлінген 221 миллион теңгенің ұрлануы бойынша 8 жыл бір айға бас бостандығынан айырды.
Екінші кезекте, Мұхамедиұлы адвокат Мұстахим Төлеев пен әйелінің де пара алу ісі бойынша үкім шығарды. Мұхамедиұлы 2024 жылдың 13 ақпанында ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігі негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды, – деді судья Кемеңгер Имашев.
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Экс-министрдің айтуынша, түрмелерде ұйықтайтын орын қалмаған.
Олар бүгін бүкіл ел түрмеге отыратындай етіп бәрін айналдырды. Бізде тергеу изоляторында орын жоқ, барлығы еденде ұйықтайды. Тек сіз, Жайдарман (сот хатшысы), адвокаттар мен күзетшілер қалды, қалғандары-тергеу изоляторында, орын жоқ, дем алатын ауа жоқ, - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары