6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАрыста жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі. Олар егін егіп, табыс табулары тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаладағы жұмыссыз отбасыларға егіншілікпен айналысуға жағдай жасау мақсатында Арыс қаласында жалпы көлемі 50 гектар жер қоршалып, 2 ұңғыма қазылып, арнайы су жинайтын 60 тонналық құрылғы қойылды.
Тұрмысы төмен әр отбасыға жарты гектар (0,5) жер телімі беріледі. Нәтижесінде бұл отбасылар өзін-өзі жұмыспен қамтиды.
Жоба өз тиімділігін көрсеткен жағдайда, жер телімі 100 гектарға дейін ұлғайтылады.
Кездесуден соң облыс әкімі қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Өңір басшысының халықпен кездесуі басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі