Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАрыс қаласының орталық мұражайында инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілеріне арналған арнайы экспозицияның ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батальонның жеке құрамы 44859 әскери бөлімінің аумағында оқ-дәрілерді залалсыздандырумен айналысады.
Экспозицияның ашылу салтанатына еліміздің Қарулы күштері инженерлік әскерлер департаментінің бастығы полковник Руслан Жансейітов, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері, ардагерлер, қала тұрғындары және әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары қатысты.
Мұражайдағы бұл бөлім әскерилер мен қала тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Ерлердің есімдері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Бұл экспозиция қызметі өміріне үлкен қауіп төндіретін адамдардың төзімділігі мен адалдығына арналған, - деді полковник Руслан Жансейітов.
Бөлімде саперлік батальон мамандары қолданатын құрылғылар, снаряд түрлері және саперлер қызметінің ерекшелігін айқындайтын суреттер қойылған. Онда әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің өмірбаяндарына да орын берілген.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мұражайға келушілерге саперлер қаруланған құралдар мен жабдықтар туралы да айтып берді.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?