Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыГерманияның Дуйсбург қаласында академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дуйсбург қаласындағы жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты. Отандасымыз Артем Матусевич финалға шықты.
Ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерациясының хабарлауынша, Артём Матусевич жартылай финалда жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында жоғары нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Отандасымыз қашықтықты 07:07.75 секунд уақытында жүзіп өтіп, өте тартысты бәсекеде жалпы есепте 2-орынға тұрақтады. Артём өз тобында мәреге Жоао Велосодан (Португалия) кейін жетті.
Артем іріктеу кезеңі мен жартылай финалда сенімді өнер көрсетіп, медаль сарапқа салынатын А финалына жолдама алды. Бұл – Қазақстан үшін орны бқлек жетістік. Өйткені бұған дейін біздің спортшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында осы дисциплинада А финалына шықпаған. А финалына жолдама алудың өзі – спортшының жоғары дайындығы мен әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрсеткіші, – Қазақстан Ұлттық командасының бас бапкері Асылан Құсайынов.
Кеше Матусевич іріктеу кезеңінде де 2-орын алып, ТОП-12 қатарында тікелей жартылай финалға шыққан. Еске сала кетейік, Артём былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарынан көрінген атлет (9-орын).
Артемнің тұрақты түрде алға басып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. Ол былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 9-орын иеленді. Бір айға жетер-жетпес уақыт бұрын Швейцариядағы әлем кубогы кезеңінде 7-орынға тұрақтады. Алда шешуші әрі өте тартысты жарыс күтіп тұр. Спортта нәтижені алдын ала болжау қиын, сондықтан жеңіске ең мықтысы жетеді. Бұл жарысты біз үшін маусымдағы дайындықтың аралық кезеңі деп бағалауға болады. Биылғы маусымдағы басты мақсатымыз – алдағы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсету. Сондықтан әлем чемпионатын спортшылардың дайындық деңгейін бағалап, алдағы маңызды сындарға әзірлігін пысықтайтын маңызды кезең ретінде қарастырып отырмыз», – деді Қазақстан Ұлттық командасының бас бапкері , – деді бапкер.
Кезең қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген ескекшілер финалда жүлдеге таласады. Ал 7-12 орындарды иеленгендер қалған орындар үшін бақ сынайды.
Сондай-ақ жуырда әлем кубогында жүлде алған Варвара Белоногова мен Тамара Первушкина жұбы жартылай финалда сынға түсті. Енді олар Б финалында 7-12 орынға таласады. Командамыздың тағы бір өкілі Ярослав Мельников С финалында 13-18 орындар аралығын сарапқа салады. Ал Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев жұбы С финалында жарысты аяқтады.
«Тимур Фомичев пен Ярослав Мельниковтан құралған ерлер арасындағы рульсіз екілік (М2-) экипажы С финалында бесінші болып мәреге жетіп, жалпы есепте 17-орынға тұрақтады. Бұл экипаждың алдына нақты міндет қойылған. Тимур жарақатынан кейін қайтадан жарыс ырғағына бейімделіп, өзіне деген сенімділігін қалпына келтіруге тиіс еді. Бұл міндетті ойдағыдай орындадық. Жиналған тәжірибе маусымдағы басты жарысқа дайындықтың маңызды негізіне айналады.Тамара мен Варвара әйелдер арасындағы рульсіз екілік (W2-) экипажы іріктеу кезеңінен сенімді өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Кейін В финалына шығып, ертең 7-12 орындар үшін бақ сынайтын болады. Бұл – жақсы нәтиже және спортшылардың шешуші жарыста өз мүмкіндіктерін толық көрсетуіне берілген тамаша мүмкіндік», - деп айтты Асылан Құсайынов.
Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?