Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде қаза тапқан азамат Олжас Нұрұлдаевтың артында бес баласы қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы марқұмның туысы Серік Дүйсенұлы Ұлысмедиа тілшісіне мәлімдеді.
Серік Дүйсенұлының айтуынша, Олжас Нұрұлдаевтың артында төрт ұлы мен бір қызы қалды. Сонымен қатар марқұмның жары, анасы, інісі мен қарындасы бар.
Алла алдынан жарылқасын. Ініміздің қазасы біз үшін орны толмас қайғы. Ол орны бөлек азамат еді. Үлкен әкесінен алған тәрбиесі мен жөн-жобасы бар, ізімізді басып келе жатқан бауырымыз болатын. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына қажетті жағдайды жасап берсе дейміз. Балаларының үлкені 24 жаста, кенжесі екіде, — деді Серік Дүйсенұлы.
Еске сала кетейік, соңғы 15 жыл ішінде «Қазақмыс» кәсіпорындарында бірнеше қайғылы оқиға тіркелді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапқан болатын.
Марқұмның туыстары Үкіметтен және «Қазақмыс» корпорациясынан өз уәделерінде тұрып, қаза тапқан азаматтың балаларына әлеуметтік қолдау көрсетуді сұрайды. Олар балаларының болашағы үшін алаңдайтындарын жеткізді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?