Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан құрамасы үшін Испанияның Овьедо қаласындағы артистік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы сәтті басталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.
Жекелей сындағы техникалық бағдарламада отандасымыз Эдуард Ким 200.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ол бітіспес қарсыласы испаниялық Фернандо Диас дель Рио Сотоға жол берді. Биылғы 3 кезеңде жүлдені көбіне осы екі атлет өзара бөліскен. Қола колумбиялық Густаво Санчестің еншісінде (198.17 балл).
Осыдан кейінгі аралас жұптар сынында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 3-орыннан көрінді. Біздің дуэттің техникалық бағдарламасына төрешілер 215.60 ұпай берді. Мұнда да Испания спортшылары (Фернандо Диас пен Эмма Гарсия) алтыннан алқа тақса, күміске Колумбиядан келген жұп (Густаво Санчес пен Джениффер Серкиера) қол жеткізді.
Испанияға биылғы 3-кезеңде жүлде алып, көп ұпай жинаған спортшылар ғана шақырту алды. Олар алдағы күндері еркін бағдарламада өз өнер көрсетеді. Суперфинал 4 маусымда аяқталады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек