12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқмола облысының Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды, деп жазады El.kz.
Жергілікті ауқымдағы ТЖ туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған.
Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себебіне байланысты 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған.
«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды. 9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», - деп мәлімдеді Аршалы ауданының баспасөз қызметінен.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер