22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЛондонның «Арсенал» клубының бұрынғы футболшысы Билли Вигар алған жарақатынан кейін есін жимастан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 жастағы футболшы Англияның төменгі лигаларының бірінде өнер көрсететін «Чичестер Сити» командасының намысын қорғаған. Ол «Уингейт энд Финчлимен» өткен ойында жарақат алып, жасанды комаға түскен еді.
Клубтың баспасөз қызметі мәліметінше, дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, алайда аман алып қала алмады.
Өткен ойында ол ауыр бас-ми жарақатын алды. Сенбі күні дәрігерлер Биллиді жасанды комаға енгізді. Сейсенбіде оның жағдайын жақсарту үшін операция жасалды. Операция сәтті өтті, бірақ алған жарақаты тым ауыр болып, бейсенбі күні қайтыс болды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Билли Вигар 14 жасынан бастап «Арсенал» академиясында тәрбиеленіп, бірнеше рет жалға берілді. Өткен жылы ғана клубпен келісімшартын толықтай аяқтаған. Лондондық команда бұрынғы шәкіртінің қазасына байланысты көңіл айтты.
Бүкіл «Арсенал» ұжымы академия түлегі Билли Вигардың қазасына қайғырып отыр. Жатқан жерің жайлы болсын, Билли, – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, футболшы матч барысында сәтсіз құлап жарақат алған. Ойын 15-минутта тоқтатылып, жалғастырылмаған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев