22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды"АрселорМиттал Теміртаудың" жылу орталығында тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылмаған. Кәсіпорын басшылығы оларды тек тазалап, жөндеумен ғана шектеліп келген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау департаменті 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңде энергия кәсіпорындарының жұмысқа дайындығы паспорттарын беру аяқталғанын мәлімдеді.
Бүгінгі күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-ге дайындық актісін беруден бас тартылды. Қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының кестесі бұзылған. Сонымен қатар, №1 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстарының сметасында тот баспайтын болаттан жасалған таза газ құбырын орнату қарастырылған. Бұл ретте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 "қара" металды пайдалану туралы шешім қабылданды, сондай-ақ сметада жаңа құйындылар мен бұрағыштарды (эмульгаторлардың негізгі элементі) орнату көзделген, – делінген хабарламада.
Ведомство мәлімдегендей, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 16 жылдан астам жұмыс істеп тұрған және ақаулары бар қолданыстағы қондырғыларды пайдалануын жалғастыра берген. Бұдан бөлек, сметада №5 қазандықты жөндеу және коллекторларды толығымен ауыстыруы тиіс болған. Алайда, кәсіпорын басшылығы мұны орындамаған, тек тазалау және жөндеумен шектелген.
Кемшіліктерді орындамаған кәсіпорынға 1 млн теңге айыппұл салу туралы шешім қабылданды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев