23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz.
Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Иә, біз қолда бар ақпарат бойынша, 3 қарашада шамамен сағат 03.00-де Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылысының болғанын растаймыз", — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.
Жарылыс салдарынан 4 жұмысшы көз жұмса, төртеуі ауруханаға жатқызылған. Тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасуда.
Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша 106 жұмысшы эвакуацияланды.
"Жағдайлар анықталуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр, тергеу нәтижелері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтайды",— деп қосты Иманқұлов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік