Арқалықта аялдамаға соғылған мас жүргізуші ұсталды

17 Наурыз 2023, 20:52 742

26 жастағы жүргізуші ВАЗ 2112 автокөлігін басқарып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас күйінде болған.
 
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыруды көздейді.

Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: