23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Көлік министрлігі Астана–Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.
2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.
Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңгені құрайды.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 тамызда, Арқалық әуежайының үш әріптік IATA коды – AYK қалпына келтірілді. Бұл әуежайдың тұрақты әуе қатынасын қайта бастауға дайындығын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болды.
Әуежайдың жұмысы тоқтатылғаннан кейін отыз жыл өткен соң қайта жанданып отыр. Әуе қатынасының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындардың мобильділігін, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Рейстерді ашу іс-шарасына ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов, әкімдік өкілдері, авиация саласының және қоғам өкілдері қатысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады