20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОлжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қоғамдық қорлармен өзара іс-қимыл жасауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында «ITeachMe» ҚҚ директоры Захира Бегалиева ұйымның ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру және қайта даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.
Қоғамдық қор білім беру бағдарламаларын ұсынуға, мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтарын іске асыруға, сондай-ақ мобилография, графикалық дизайн, СММ, ЖИ, сайттар әзірлеу және басқа да бағыттар бойынша мүгедектігі бар және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды цифрлық кәсіпке оқытуға маманданған. Төрт жыл ішінде қор мыңнан астам студент шығарды. Түлектер банктерде жұмыс істейді, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік парақшалар жүргізеді, кейбірі өз бизнесін ашады.
Премьер-министр ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіруге қосқан үлесі үшін «ITeachMe» қорына алғыс айтып, аталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Арнайы оқудан өткен барлық адам 100% жұмыспен қамтылуы керек. Мұны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жан-жақты пысықтау қажет. Кәсіпкерлер мұндай адамдарды жұмысқа қабылдауы керек немесе бизнес бастамаларды мемлекеттік не жеке қолдау шараларын қарастыруымыз керек. Мемлекет пен бизнес тарапынан ерекше назар аудару қажет. Отырыс қорытындысы бойынша даму институттарымен шаралар кешенін ойластыруымыз керек, — деп атап өткен Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне аталған мәселені пысықтауды тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?