6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарулы күштердің спартакиадасы аясында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде армия қоян-қолтық ұрысының танымалдылығы артқанын және оның болашақ офицерлерді кәсіби даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.
Татамидегі қызу жекпе-жекке институттың курсанттық бөлімшелері мен кафедралар атынан 5 команда қатысты. Барлығы 100-ден астам спортшы бағын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде курсанттар Ізетбек Дидарбеков (55 кг), Ернұр Әлиев (60 кг), Ерназар Әбдужалелов (65 кг), Еркебұлан Нұрмаханұлы (70 кг), Бердіхан Өміртай (75 кг), Нұртуған Қадырбаев (80 кг), Бейбарыс Амантаев (85 кг), Арман Саттарханов (85) жеңіске жетті.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды капитан Айғали Аманжоловтың 11-ротасы, екінші орынды майор Максим Сырскийдің 2-ротасы, үшінші орынды капитан Асана Жұмаділдаевтың 7-ротасы алды.
Қоян-қолтық ұрыстың жаттықтырушы подполковник Ыбырай Нұрбосын атап өткендей, армия қоян-қолтық ұрысы Қарулы күштердегі ең танымал спорт қана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттырудың, олардың дене шынықтыруын жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Турнирдің барлық қатысушылары жақсы дағдыларды, шеберлікті және жеңіске жетуге деген ұмтылысты көрсетті.
– Жеңіске жету үшін әрқайсы бар күшін салды, бірақ спортта әрқашан жеңімпаздар мен жеңілгендер болады, – деп түйіндеді жаттықтырушы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі