Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Арменияның Ұлттық жиынының төрағасы Мирзоян Арарат Самвеловичпен кездесуі өтті.
Армения Республикасының делегациясының құрамында Ұлттық жиын депутаттары, Қазақстандағы Армения Елшілігінің өкілдері болды. Екіжақты ынтымақтастық кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі меймандарды Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымымен, қызметінің мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ, этностар мен ұлттардың мәдени құндылықтарын дамытуға, тілін, тұрмыс салтын сақтауға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамытып, нығайта түсуге үлес қосуға әзірлік танытты.
Өз кезегінде Армения Ұлттық Жиынының төрағасы Арарат Мирзоян мұндағы Армения қауымдастығының жұмысымен танысқанын және Қазақстан тарапынан аз ұлттардың дамуына жасалып отырған мүмкіндікті жоғары бағалайтындықтарын айтты.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды