6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин тарихи тең нәтижеден кейін шәкірттеріне жүрекжарды сөз айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чемпиондар лигасының плей-оффындағы Шотландияның «Селтигімен» өткен алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркеліп, алматылықтар фаворит саналған қарсыласқа еш мүмкіндік бермеді.
Глазгодағы әйгілі «Селтик Парк» аренасында өткен матчта алаң иелері басымдыққа ие болып, Алматыға сапар алдында сенімді жеңіс күткен еді. Алайда «Қайрат» жанкештілік танытып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Бүгінгі еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Шын мәнінде, үлкен іс тындырдыңыздар. Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Ойын алдында айтқанмын, тағы да қайталап айтамын – бәрі өз қолдарыңызда. Футбол – мүмкіндіктер ойыны. Бүгін көздеріңіз жетті: сіздер кез келген қарсыласпен жоғары деңгейде ойнай аласыздар. Қазір біз арманымызға бір қадам жақындадық. Алдымызда әрқайсымыздың өміріміздегі ең маңызды ойын тұр. Сондықтан, жігіттер, сіздерге мың алғыс! Енді ең бастысы – үйге аман-есен жетіп, қалыпқа келу. Алматыда қалай ойнайтынымызды ойластырамыз. Арманымызды жүзеге асыруға тырысамыз. Сеніңіздер, бәрі біздің қолымызда, аяқтарымызда, ойымызда, – деп Уразбахтин матчтан кейін шәкірттеріне рух берді.
Енді шешуші ойын Алматыда 26 тамыз күні өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі