Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыБелгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "Хабар Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Еңбек жолын «Хабар» Агенттігінде 1997-жылы тілшіліктен бастап, тележүргізуші, редактор сияқты шығармашылық сатылардан өтті. Әр жылдары агенттіктің құрамына кіретін «EL ARNA» және «Хабар 24» телеарналарының директоры қызметін абыроймен атқарды. Сонымен қатар, интернет жобалар саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинақтады. Агенттіктің жауапты қызметтеріне өз ішімізде жетілген, саланы жақсы білетін, ұжымға сыйлы, білікті маманды қоюға басымдық беріледі. Бұл тәжірибе мен жаңашылдықты тиімді үйлестіре отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне оң әсер етері анық. Әріптесіміз жаңа жауапты қызметінде де жемісті еңбек етіп, «Хабар» телеарнасын биік белестерге шығаруға өзіндік үлес қосады деп сенеміз, - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.
Сондай-ақ Арман Балтабайұлы телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан білікті, тәжірибелі маман екенін атап өтті.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады