Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Тэджон қаласындағы мемориалдық кешенге барып, сонда жерленген көрнекті корей қолбасшысы, генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.
Айта кетейік, министр Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы бастаған ресми делегация құрамында.
Кешенде құрмет қарауылының қатысуымен арнайы рәсім өтті. Арман Қырықбаев ел тәуелсіздігі жолында күресіп, Отанын қорғауға ғұмырын арнаған жандарға құрмет білдіріп, мемориалға гүл шоғын қойды. Сондай-ақ генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.
Тэджондағы бұл мемориалдық кешен Корея Республикасындағы аса маңызды тағзым орындарының бірі саналады. Мұнда елге айрықша еңбек сіңірген 150 мыңға жуық адам мәңгілік тыныс тапқан. Генерал Хон Бом Доның есімі Қазақстан мен Кореяны байланыстыратын ортақ тарихта айрықша орын алады. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген еді. 2021 жылы Қазақстанның қолдауымен оның сүйегі атамекеніне жеткізіліп, Тэджонда қайта жерленді.
Биыл генерал Хон Бом Доның сүйегі Қызылордадан Корея Республикасына жеткізілгеніне бес жыл толады. Оның тағдыр жолы екі халықты өзара жақындастырған ортақ тарихтың тағылымды бір белесіне айналды.
Сапар соңында Арман Қырықбаев құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Мемориалдық кешендегі бұл рәсім екі елдің тарихи мұрасына деген құрметті айғақтап, Қазақстан мен Корея арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың маңызын көрсетті.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды