Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Аян Қайырбаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Қырықбаевты Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі етіп тағайындады. Бұған дейін ол Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа 3 қыркүйекте қол қойды. Арман Қырықбаев осыған дейін атқарған Президент көмекшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке өткен жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде жұмыс істеп, кейін мемлекеттік және қоғамдық-саяси құрылымдарға ауысқан.

Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен жақсы таныс. Әр жылдары ведомствоның қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментін басқарған, Мәдениет комитетінің төрағасы болған, кейін вице-министр қызметін атқарған. Сондай-ақ оның еңбек жолында Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтері бар.

Президент Әкімшілігіне ауысқанға дейін Қырықбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2024 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарды. Кейін Мемлекет басшысының ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз

{