6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ күресінен "Қазақстан барысы" турниріне бірнеше рет қатысқан Арман Әбеуов Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Подполковник Арман Әбеуов 1982 жылы бұрынғы Жезқазған облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітіргеннен кейін мемлекеттік күзет қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Ол қарулы күштерде Қорғаныс министрлігінің спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығынан Спорт комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арман Әбеуов самбодан үш дүркін Әлем кубогының иегері, самбо, дзюдодан және қазақша күрестен он дүркін Қазақстан чемпионы атанған. Сондай-ақ, "Қазақстан барысы" турниріне бірнеше рет қатысып, 2011 жылы 4-ші орын иленген болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі