28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасының (NOAA) мәліметінше, 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта Арктикадағы ауа температурасы 1900 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство деректеріне сәйкес, ауа мен судың жылынуы мұздықтардың жедел еруіне және Арктика ландшафтының өзгеруіне әкеліп отыр. Ғалымдар бұл үдеріс Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне, соның салдарынан опырылулар мен цунамилердің қаупіне себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.
Сонымен қатар мұздықтардың еруі кезінде темір мен басқа да химиялық элементтердің босап шығуы арктикалық сулардың ластануына алып келуде. NOAA мамандарының пікірінше, бұл жағдай Чукот және Беринг теңіздерінде мекендейтін кейбір жануарлар түрлерінің жойылып кету қаупін арттыруы мүмкін.
Есеп авторларының айтуынша, соңғы он жыл Арктика үшін бақылау тарихындағы ең жылы кезең болып отыр. Бұл дерек климаттың өзгеруі аймақта жыл сайын күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?