Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл жаз маусымында Арктика аймағындағы орташа ауа температурасы бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфераны зерттеу басқармасы мәлім етті.
Былтырғы жылы Арктикадағы төменгі атмосфера қабатындағы орташа ауа температурасы 1900 жылдан бергі кезеңде алтыншы ең жылы жыл болып тіркелді және ол шамамен Фаренгейт бойынша 20 градусқа (Цельсий бойынша минус 7 градусқа) тең болды. Ал жазғы маусымдағы орташа температура бақылау тарихында ең жоғары көрсеткішке жетіп, Фаренгейт бойынша 43 градусқа (Цельсий бойынша 6,4 градусқа) жетті, - делінген
Басқарманың ресми сайтында жарияланған есепке сәйкес, 1940 жылдан бері Арктикадағы орташа жылдық температура әр он жыл сайын шамамен 0,25°C-қа, ал жазғы орташа температура 0,17°C-қа көтеріліп отырған.
Ғалымдар сондай-ақ 2023 жылы Арктикадағы теңіз мұзының көлемі азаюын жалғастырғанын анықтады.
Биыл теңіз мұзының ауданы 1979 жылы басталған спутниктік бақылаулар тарихындағы алтыншы ең төмен деңгейге жетті. Сонымен қатар, бұрыннан бар қалың көпжылдық мұз 1980-жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жұқа болған, - делінген баяндамада.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары