Аркен Арыстанов елші қызметінен босатылды

21 Қазан 2022, 09:45 1371

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Мемлекет басшысының жарлығымен Аркен Арыстанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарған Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов лауазымдарынан босатылды.
Бөлісу: