6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан соң мансабын әрі қарай жалғастыратынын айтты. Бұл туралы боксшы Olympic.kz-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетелік, әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпар тараған. Спортшы бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім.
Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет.
Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді.
Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін.
Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін, - деді Бибосынов.
Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі