13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.
Іс-шараға мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты.
Ашық есік күні аясында ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы кезең, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына арналған көрме ұсынылды. Сонымен қатар профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновтің жеке архив қорынан материалдар және көрнекті ғалым, этнограф, профессор Әлкей Марғұланның құнды қолжазбалары көпшілік назарына қойылды. Бұдан өзге заманауи сканерлеу технологиясын пайдалана отырып құжаттарды цифрлау барысы көрсетіліп, әдеби викториналар мен интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Ашық есік күні жыл сайын еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде өткізіледі. Биыл аталмыш іс-шараға республика бойынша 15 мыңға жуық студент пен оқушы қатысқан.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды