23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда әскери қызметшілер дәстүр бойынша 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюмниковты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Виктор Карпович Қазақстанда туып-өскенін мақтан етеді. Майданға ол осы жерден аттанды. Соғыстан кейін үйіне оралып, ел игілігі үшін жұмыс істеді.
Қазақ халқы – мейірімді және қонақжай халық. Қандай қиын жағдайда өмір сүрсе де, бір кездері қарапайым қазақтар қоныс аударушыларды паналатып, оларды жылы қарсы алды. Соғыстан кейін біз бірге бейбіт өмір сүрдік. Біздің жүрегімізде қазақ халқына деген алғыс мәңгілік, – деп атап өтті ардагер.
Виктор Изюмников әрқашан елге де, халыққа да пайдам тисе деп ұмтылды. Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, Жоғарғы Кеңестің депутаты және Министрлер Кеңесі істерінің басқарушысы бола отырып, ол елдің ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты.
Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы құрылғанына 30 жыл толған мерейтойын атап өтіп, барлық ізгі тілектерге қосылып, қонақжай қазақ халқына жомарттық үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Виктор Карпович.
Өз кезегінде әскери қызметшілер жеңіске қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін майдангерге алғысын білдірді. Ардагермен кездесу олардың бойында ғасыр жолынан өткен адамның рухының биіктігіне деген ризашылық сезімін туындатты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік