22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҮстіміздегі жылдың 11-ші қыркүйек күні Орталық алаң маңында Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Ұлағат ұландары» жасағының «ҚарбызФест - 2015» атты қорытынды шарасы өтті.
Мамыр айында өздерінің 15 жылдық мерейтойын атап өткен «Ұлағаттықтар» биылғы жылы өздерінің 16-шы жазғы тынығу лагерь маусымын аяқтады. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жаз маусымында 40 студент-жас облысымыздағы 7 тынығу лагерінде тәлімгерлік қызмет атқарды.
Шара барысында облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев және «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Әждар сөз сөйлеп, жаз мезгілінде тынығу лагерьлерінде белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлерді маусым қорытындысымен құттықтап, алғысын білдіріп, үздіктерді марапаттады.
«ҚарбызФест» фестивалі биылғы жылы 4-ші мәрте қала тұрғындарын қызықты сайыстарымен, көңілді концерттік бағдарламасымен қуантып келеді. Шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, жас көшбасшылар және «Ұлағаттықтар» қызмет атқарған лагерь тынығушылары қатысты. Қала жастары «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш», «Қарбыз ФРЕШ» сынды сайыстар бойынша бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша «Қарбыз кескіш 2015» номинациясын Қорқыт Ата ат. ҚМУ 3 курс студенті Ғалымжан Данияр, «Қарбыз жегіш 2015» - Қорқыт Ата ат. ҚМУ 4 курс студенті Габбасов Есет, «Қарбыз көтергіш 2015» - Пірназаров Нұржұман Қорқыт Ата ат. ҚМУ 3 курс студенті, «Қарбыз ФРЕШ 2015» қарбыз шырының ішу сайысынан Болашақ университетінің 4 курс студенті Абдрахман Али естелік сыйлықтармен марапатталды. Кештің ерекшелігі лотерея да, қонақтар назарынан тыс қалған жоқ. Ол үшін қатысушылар өздері алып келген 1 қарбызды лотерея билетіне айырбастау қажет. Фестиваль соңы би кешімен аяқталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев