2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСәбилер арбамен серуендегенде, анасының қолында немесе арнайы кеудеге тағылатын сөмкеде болған сәтке қарағанда, күйзелісті баяу өткереді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Journal of Environmental Psychology (JEP) журналында жарияланған нидерланд зерттеуі мәлімдеді. Ғалымдар анамен физикалық байланыс сәбидің күйзеліс деңгейін төмендетуге әлдеқайда тиімді әсер ететінін анықтаған.
Зерттеу аясында 101 ана мен сәбиі жеңіл күйзеліс туғызатын «жалған шомылу» тәжірибесінен өтті. Одан кейін олар екі түрлі ортаға бөлінді: бір бөлігі қаладағы жасыл аймақта серуенге шықса, қалғандары үйде қалды. Ал сәбилер бір жағдайда анасының қолында, екіншісінде арбада болған.
Ғалымдар бала ағзасындағы күйзеліс деңгейін сілекейдегі кортизол гормонының мөлшері арқылы бағалаған. Нәтиже бойынша:
Зерттеушілер бұл құбылысты «эмпатиялық реттеу» (co-regulation) деп түсіндіреді: анасының дауысы, дене жылуы және тыныс алуы баланың жүйке жүйесін тыныштандырып, оның физиологиялық тұрақтылығын қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл процесс арқылы сәби өзінің ішкі күйін сезінуді, күйзеліс белгілерін тануды және оны реттеуді үйрене бастайды.
Зерттеу нәтижелері ананың қолындағы «терімен теріге жанасу» тек эмоционалдық емес, сонымен қатар физиологиялық жағынан да аса пайдалы екенін көрсетті. Сонымен қатар, жасыл табиғи ортадағы серуендер де сәбилердің ұйқы сапасын жақсартатыны белгілі болды.
Ғалымдар сәбилермен серуенге шыққанда арба орнына переносканы жиі қолдануға кеңес береді. Бұл – баланың күйзелісін азайтып, ананың да психологиялық саулығын қолдаудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.
Бұған дейін баланың психикасына экранның әсері туралы жазған едік.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова