23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ішкі істер министрі Игорь Лепеха Қазақстанда 97 ауыл ішімдіктен бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде 97 ауылдың тұрғындары ішімдік ішуден бас тартқан. Олардың қатарында Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысы – 6 ауыл, Ақтөбе облысы – 5 ауыл, Жамбыл облысы – 5 ауыл, ШҚО – 4 ауыл, Қызылорда облысы – 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауылдан бар.
Бұл шағын ауылдар. Ондағы халық енді ішпейміз деп шешім қабылдаған. Бұл олардың бастамасы. Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық. Ішімдік сатылмайды. Олар бізде «сухой закон» болады деп шешкен. Ішімдікті сатып алмайды және сатпайды, – деді Игорь Лепеха.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік