23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғын әкімшілік қамауға алынды. Соттың мәліметінше, ішімдік ішкен ол келінінің мазасын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс Арал аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігімен қаралды. Сотта анықталғандай, ол үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Келініне балағат сөздер айтып, мазасын алған, жанұя шырқын бұзған.
Жергілікті тұрғын бұған дейін 11 сәуір 2024 жылы осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алған екен. Бірақ еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты қайта жасаған.
Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған. Ал енесі өзінің кінәсін мойындаған.
Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік