Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов One Fighting Championship промоушені бойынша Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткен турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Sports.kz сайтының жазуынша, Қ.Ахметов "Найза" лақап аты бар австралиялық файтер Рис Макларенмен (16-8) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Аталған жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.
Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27-інші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы жеңілістің ащы дәмін татты.
Қазақстандық жекпе-жек шебері One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізіп, естен кетпес әсе қалдырды.
Аталған айқас Қайрат пен Ристің екінші кездесуі. Олар алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы басым түскен болатын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары