Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызылорда облысында Арал теңізінің тартылған аумақтарында жердің құнарлығын сақтау мақсатында 15 мың гектар жерге сексеуіл егіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арал теңізінің жағдайы өзекті мәселелердің біріне айналды. Қуаңшылық салдарына теңіз тартылып барады. Десе де, мемлекет тарапынан да жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен биыл осы аумақта 100 гектар жерде фитоорман-мелиорация жұмысы жүргізіледі. Нақты айтқанда сексеуілден бөлек, 85 мың гектар жерге галофитті тұқымдар себіледі екен.
Облыс аумағында 7,3 млн гектар жер мемлекеттік орман қорына тиесілі. Оның 3,8 млн гектары – орманды алқаптар. Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін көктем және күз айларында 376,3 мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмысы жүргізіледі, – деді Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мәріп Акбар.
Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау мақсатында 33,5 гектар аумақта тұрақты орман тұқымбағы құрылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары