6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрлігінің 2024 жылғы жұмысының қорытындысы мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын әзірледі. Бұл құжат су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экожүйені қорғау және су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған. Кодексте «су қауіпсіздігі» ұғымы алғаш рет енгізіліп, су тапшылығы мен ластанудан қорғау мәселелері қарастырылды.
Министрлік 2028 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында:
Жамбыл облысында үш жаңа су қоймасы салынады, бұл көрші мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділікті 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Министрлік One Water Summit аясында Франциямен Балқаш көлін сақтау бойынша келісім жасады. Жоба Балқаш бассейніндегі су ресурстарын басқару мен зерттеуге бағытталған.
Биыл Балқашқа 15,4 млрд, Каспий теңізіне 17 млрд, ал Аралға 2,5 млрд текше метр су жіберілді. Келесі жылы Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың реконструкциясы басталады. Жоба насос қондырғыларын және электр жабдықтарын жаңартуды қамтиды. Сонымен қатар, министрлік қараусыз қалған су қоймаларын мемлекетке қайтару және жеке қоймаларды тексеруді қолға алмақ.
Министрлік су ресурстарын тиімді басқару, экожүйені сақтау және мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі